Бизнес-перелеты

Бизнес-ұшулар

Бүгінгі таңда кез-келген іскери адам барлығына үлгеріп және бірнеше әрекеттерді біруақытта жасауға қабілетті болуы қалыптасқан заман ақиқаты. Кейде, тіпті, босқа өткізілген бір күннің өзі компания жұмысындағы олқылықтарға, орын алмаған кездесулерге және жіберілген мүмкіндіктерге алып келеді.

Өз бизнесіңізді дамытқыңыз келсе, іскери жол сапарлары кезінде өз қызметкерлеріңіздің қолайлығы мен жеке жайлылығыңыз туралы қам жеу қажет.

Жеке ұшақта бизнес ұшу — табысты басшының заманауи шешімі.

 

Бизнес-ұшулар

Бизнес-джеттердегі жеке ұшулар

 

Барлығына үлгеру үшін ешқайда асықпау керек – бұл барлығына белгілі ереже. Бизнес-джет сізге осындай мүмкіндікті ұсынады: енді сізге әуежайға бірнеше сағат бұрын келіп отырудың, төлқұжаттың бақылау кезегінде ұзақ тұрудың, толық залда ұшу кезегін күтудің қажеті жоқ.

Бизнес-джеттер ұшуға дейін бар болғаны бір сағат бұрын келу қажет болатын жайлы VIP-терминалдармен қызмет көрсетіледі.

Жеке ұшақты жалға алу — сіздің саяхатыңыз қатаң тағайындалған уақытта орын алатындығына 100% кепілдік (ауа-райы шарттарымен байланысты форс-мажорлық жағдайларды шектегенде). Міне, сондықтан да, өзге елде кешігіп қалу қаупінсіз іскери кездесулерді батыл тағайындай аласыз.

Ұшаққа ұшуға дейін 3-4 сағат қалғанда тапсырыс беруге болады. Бұдан өзге, брокерді алдын-ала хабарландыру арқылы борттағы жолаушылардың санын жедел өзгерте аласыз.

 

Қызметті алу үшін қайда жүгіну қажет

 

Жеке джеттерде ұшуларды ұйымдастырумен NBAA және EBAA бейінді авиациялық қауымдастықтардың мүшесі, AVIAVTM (CofranceSARL) компаниясы айналысады. Брокер заманауи жайлы ұшақтарды – таяу ұшуларға арналған жеңіл лайнерлер секілді, алыс арақашықтықтарды еңсеруге қабілетті әуе кемелерін жалға алуға ұсынады.

Бізге жүгіну арқылы сіз барлық мүмкін қосымша қызметтерге, мысалы, өз компанияңыздың сүйікті мейрамханасынан тағамдарды жеткізуге немесе бортта оңтайлы кеңсені ұйымдастыруға тапсырыс бере аласыз. Қажеттілігіне қарай ауа бетінде тікелей жиналыс өткізуге болады – бизнес-ұшулардың кезінде Интернетке шығу мүмкіндігі бар.

Кофранс САРЛ-мен жұмыс жасау сызбасы өте жеңіл:

  1. Сіз брокерге қоңырау шаласыз немесе сайтта ұшаққа өтініш қалдырасыз.
  2. Сізбен орыс тілді маман байланысқанда сіз оған ұшуға қатысты барлық мәліметтерді хабарлайсыз.
  3. Қажетті джет іріктелгенде, ал брокер оның еркін қол жетімділікте бар екендігіне көз жеткізгенде сізге қызметтің төлемін жасау, осыдан кейін тағайындалған күні әуежайға келу қажет болады.

Бизнес-ұшулардың құны

 

Ұшақты жалға алудың дәл сомасын сіз ұшудың барлық мәліметтерін талқылағаннан кейін брокер қызметкері атайды. Орташа алғанда 1 ұшу сағатына 1 000-3 000 еуроны құрайды.

Өз бизнесіңізді дамытудағы келесі қадамды жасаңыз – Кофранс САРЛ-да жеке ұшақты жалға алу қызметіне жүгініңіз!