какие дополнительные услуги можно заказать в компании AVIAV TM (Cofrance SARL) при аренде частного самолета.

Қазақстандағы жеке ұшаққа тапсырыс беру кезіндегі қосымша қызметтер

Қазақстандағы іскери авиацияныі мәнін асыра бағалау қиын. AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясының арқасында ауқатты адамдар толық еркіндіктің және жайлылықтың жоғары деңгейінің рахатын сезініп, әлемнің кез-келген орнына тікелей сапарлармен саяхаттау мүмкіндігіне ие. Алайда бұл да соңғы жаңалықтар емес. Біздің фирма арқылы ұшудан өзге, сіздің саяхатыңызға қатысты көптеген қосымша қызметтерге тапсырыс беруге болады.

 

Барынша көп уақыт пен ақшаны жұмсау арқылы, әртүрлі ондаған компанияларға жүгінгеннен гөрі белгілі бір компания арқылы әрекет ету үнемі қолайлы. Егер сіз AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниямыздан қосымша қызметтердің қандай да бір қызметті таңдайтын болсаңыз, онда бұл сізге соңында тіпті, шатасып қалатын бірнеше фирмаларды тартқаннан гөрі біршама арзан түседі. «Кофранс САРЛ» әуе брокері сіздің саяхатыңызды «тек сіз үшін» ұйымдастыруға дайын, осыған қоса сіз қандай сервистің керек екендігін өзіңіз таңдайсыз және бірден артық дүниеден бас тартасыз.

 

Трансфер

 

Ең талап етілетін қызметтердің бірі трансфер болып табылады. AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясы ұшу орнында секілді, тағайындалу орнында жайлы автокөлікті немесе микроавтобусты ұсынуға дайын. Сіз бір минут күтудің немесе жүргізушіге қайда бару қажеттігін түсіндірудің қажеті жоқ екендігіне сенімді болсаңыз болады.

 

Шетелде мейманханаға немесе өзге тағайындалу орнына дейін жылдам трансфер айрықша өзекті. Таксиді ұзақ іздеудің және ол үшін ақталмайтын ақшан төлеудің қажеті жоқ. AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясы сіз үшін кез-келген елде және қалада автокөлікті ұйымдастырады.

 

Ал егер сіз қаласаңыз, сізге тік ұшақ ұшып келеді және сізді, егер онда арнайы алаң қарастырылса, тікелей бизнес-орталықтың немесе мейманхананың төбесіне жеткізеді. Қиялыңызды көрсетуге қымсынбаңыз: егер сіз қаласаңыз, біз сізге аттарға жегілген арбаны, үйлену лимузинін немесе болидті ұсынамыз, тек, бастысы, ақшаңыз жетсе болғаны…

 

Мейманхана, визалар және сақтандыру

 

Мүмкін, сізге тағайындалу орнындағы жеке сектордағы баспананы немесе мейманханалардағы нөмірлерді брондау қажет болар. AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясының қызметкері сіздің барлық қалауларыңызды ескереді және қажетті форматтағы пәтерді немесе қонақ үйді табуға көмектеседі. Сіздің өзіңіздің саяхаттайтындығыңыз немесе өз қызметкерлеріңізді іссапарға жөнелтетіңіз бізге маңызды емес. Біз кез-келген өтініштерді берілген бюджетке сай орындаймыз, ал сізге іздеу үшін артық уақыт жұмсаудың қажеті жоқ.

 

Шетелге саяхаттау кезінде визаларды рәсімдеу – бұл барлық құжаттарды дұрыс ұсыну өте маңызды болатын шаршататын процедура. Егер сіз мұнымен өзіндік айналысатын болсаңыз, онда ең маңызды емес себеп бойынша бас тартуды алу қаупі бар.

 

Визалардың рәсімделуін AVIAV TM (Cofrance SARL) кәсібилеріне тапсыру барынша тиімді және саяхатқа тыныш даярланған жөн. Бұл мәселе медициналық сақтандыруға да қатысты. Көбісі мұны жай құжатбастылық деп есептейді, алайда егер шетелде шынайы дертпен қақтығысар болсаңыз, онда олардың жағдайы сақтандыру тәуекелдерінде жазылмағандығын біліп, жайсыз таңғалатын болады. Мұндай жағдайға тап болмау үшін, дұрысы, лайықты сақтандырушыны ұсынатын және шартты сауатты құратын біздің мамандарымызға бұл сұрақтың шешімін қалдыру.

 

Ұшу қызметтері

 

Жеке ұшақтардың өздігі бойынша жайлы болатындығына қарамастан, оларда сізге қажетті қызметтер үнемі қарастырылмауы мүмкін. Мысалы, егер сіз ұшуға сүйікті мейрамханаңыздан түскі асқа және айрықша маркалы шарапқа тапсырыс беруді қаласаңыз, AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясымен шартты бекіту кезінде алдын ала келісу қажет.

 

Сіз бұрыннан бар кез-келген қызметтерді таңдай немесе тіпті жаңаларын ойлап таба аласыз. Біз үшін мүмкін емес дүниелер көп, сондықтан өз қалауларыңыз туралы айтуға қымсынбаңыз. Клиенттер музыканы немесе фильмге, тірі гүлдерге, экзотикалық ас үйінің тағамдарына жиі жағдайда тапсырыс береді. Айрықша сервис балаларға ұсынылады. Егер Егер сізбен бірге үй жануарыңыз саяхаттайтын болса, онда сіз ол үшін де саяхатыңызды әрлеуді қалайтын шығарсыз.

 

Сүйемелдеу

 

Сіз өзіңізбен бірге ұшуға кімді қаласаңыз да алсаңыз болады, алайда сіздің көңіліңізден шығатын кәсіби адам жоқ шығар? AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясы қажетті маманды табуға қамқорлық етеді. Ұшу кезінде дәрігер, медбике, ветеринар, бала күтуші, массажист, шаштараз немесе егер сіз қаласаңыз, роялы бар пианист керек болатын шығар. Тағайындалу орнында аудармашы немесе гидтің, уақытша хатшының, кәсіби жүргізушінің қызметтері орынды.

 

Біз барлық қажетті кәсібилерді табуға дайынбыз, ал өз кезегінде кез-келген сұраққа қатысты құзыретті және жедел заңды қолдауға кепілдік береміз. Бізге қай уақытта жүгінбесеңіз де, сіз жылдам жауап пен білікті жәрдемді міндетті түрде алатын боласыз!

 

Ұшақты іріктеу

 

Бұл қызмет тегін және егер сізге қажет болса, қандай да бір айрықша әуе кемесін таңдау туралы сөз болса да. Жиі жағдайда клиент өзіне не қажет екендігін білмейді, қандай үлгіні қалайтындығын, және ішінде не болу қажеттігін айта алмайды. Алайда, кейде керісінше болады, тапсырыс беруші салонның нақты белгіленген жинақтамасы бар белгілі бір нұсқаны ұсынуды сұрайды. Бұл жағдайда аталмыш ұшақты табу және дәл осындай ұшақтың сапар шегуі үшін келісу қажет болады.

 

Әдеттегіден тыс қалауларға келер болсақ. Интернет, душ, кереует, дөңгелек үстел – мұндай өтініштерді орындау қиын емес. Бірақ, егер сізге ванналық джакузи, жаттығу залы және салондағы апельсин орманы қажет болса, онда менеджерге ұшақтың сәйкес келетін үлгісін табу үшін мықтап жұмыс жасау қажет болады. Сізге әуе кемесін іріктеу үшін ештеңені артық төлеудің қажеті жоқ, алайда, оны жалға алу, әрине, қымбатқа түседі.

 

Мерекелерді ұйымдастыру

 

Жинақталған тәжірибемізге қарай жеке ұшақтарды қандай да бір мерекелерді жүргізу кезінде жиі тапсырыс беретіндігін білеміз. Мысалы, сіз үйлену тойды Францияда өткізуге шешім қабылдап, сонда атаулы қонақтарыңызды шақырдыңыз. AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясы сізге жеке ұшуды ұсынып қана қоймай, сонымен бірге барлық іс-шараны «тек сіз үшін» толығымен ұйымдастырады.

 

Біз шетелде секілді, Қазақстанның ішінде үйлену тойларын, мерейтойларды, корпоративтерді және өзге салтанаттарды ұйымдастырдық. Біз мейрамхананы таңдау, және мейманханаларда немесе виллада барлық қонақтарды орналастыру және мерекелік бағдарламаларды жүргізу туралы және барлық қалған дүниелерге қамқорлық жасап, ойластырамыз. Мерекені сіз іс-шараның тақырыбына сәйкес безендендірілетін тікелей ұшақтың ішінде бастай аласыз. Қалауыңызға қарай он километр биіктікте күшті банкетті ұйымдастырып, немесе тіпті неке қию салтанатын іске асыра аласыз. Біз ең батыл арман-қиялыңыздың өмірде көрініс табуына ықпал етеміз!

 

Клиенттер тік ұшақтық серуендеумен қандай да бір іс-шараны немесе салтанатты безендендіруді жиі қалайды. Мұны вертодромы бар Қазақстанның кез-келген қаласында іске асыру оңай. Біз сіздің таңдауыңызға кез-келген үлгіні ұсынамыз және сіз өз қонақтарыңызбен құс ұшатын биіктіктен туған қалаңыздың сұлулығына тамсанып, ұмытылмас әуе экскурсиясын жасай аласыз.

 

Консьерж-сервис

 

AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясы Қазақстанда секілді, шетелде консьерж-сервисті өз клиенттеріне ұсынуға дайын. Бұл сіздің жұмыс орныңыз секілді, бос уақытыңызды толығымен ұйымдастыруға көмектесе алатындығымызды білдіреді.

 

Консьерж-сервис жеке көмекші, хатшы және менеджер қызметтерінің үйлесімділігінен тұрады. Біз барлық ұйымдастырушылық сұрақтарды реттейміз: қажетті іскери кездесуді тағайындаймыз, такси шақырамыз, мейрамханада үстелге тапсырыс береміз, үздік бағаға концерт билет сатып аламыз, сіздің автокөлігіңіз үшін қосалқы бөлшектерді қайдан сатып алуға болатындығын білеміз және барлық қалған ағымдық міндеттердің шешімін табамыз.

 

AVIAV TM (Cofrance SARL) – іскери авиацияға қатысты барлық сұрақтар бойынша сіздің сенімді серіктесіңіз және көмекшіңіз. Біз әрбір жағдайға түсіністікпен қарап, кез-келген клиентке жеке мұқият қатынастың жасалынатындығына кепілдік береміз. Бізге кез-келген уақытта жүгініңіздер, біз серіктесуге және сіз үшін дәл қазір жеке сапарды ұйымдастыруға дайынбыз!