Алматы жарты ғасыр бұрын

Қазақстанның тарихын оның бұрынғы астанасы Алматының тарихынсыз елестету мүмкін емес. Қала ішін асықпай аяңдай отырып, тарихтың төріне саяхат жасайық.

Бұл әлемде Алматының дамуына тоқтау салар ештеңе жоқ секілді. Оған табиғи апаттар мен астан-кестен өзгерістер, не жер сілкіну салдарынан толық бұзушылық, не атауының бірнеше рет өзгеруі де кедергі келтіре алмады. Біздің көз алдымызда үш миллионнан астам халқы, орасан зор бизнес-орталықтары мен моллдары, ұзаққа созылған кептелістер және жылдамдығы үлкен метрополитені бар, сән-салтанаты артқан мегаполис қанатын кеңге жаюда. Алматы – бұл Орталық Азияның нағыз бизнес-хабы, мұндағы өмір деңгейін өңірдегі ең жоғары деңгей деп санаған жөн. Десе де, жарты ғасыр жыл бұрын оның бет-бейнесі қандай болған? Қарастырып көрейік!

1957 жылы құрылған, Шет тілдері институты (Төле би – Наурызбай батыр). Бұл ғимарат сонау елу бір жыл бұрынғыдай бейнеге ие. Дегенмен де, сол кезде атқарған қызметтерді атқарады.

1950 жылдары, Қалалық кеңес ғимараты (Абылай хан – Гоголь). Құрылыс сәулеті сол бұрынғы болғанымен, бүгінгі таңда тағайындалуы басқа. Қазір мұнда танымал Beineu Shymkent газ құбыры компаниясының кеңсесі орналасқан.

1980 жыл, Жаңа алаң. Сонау алыс жылдары әкімдік ғимаратын Қазақстан Компартиясының ОК қолданған. Құрылғаннан кейінгі екі жылдан соң, яғни, 1982 жылы құрылыс сәулет ескерткіші атағын алды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында – 1991 жылдан бастап 1994 жылға дейін – әкімдік Нұрсұлтан Назарбаев атындағы президенттік резиденциясының қызметтерін орындады.

Достық – Қазыбек би (бұрынғы Ленин – Кеңес көшелері). Талай уақыттың өткендігіне қарамастан, халық қала ішіндегі бағдар үшін көшелердің ескі атауларын әлі күнге дейін қолданады. Біздің Біздің көз алдымызда Алматының басқаша айтқанда «алтын текшесі». Бүгінгі таңда аталмыш мекенжай бойынша биік тұрғын үй орналасқан, ал көптеген жылдар бұрын мұнда оң жақта генерал-губернатордың кеңсесі, кейінірек – госпиталь орналасқан.

1970 жыл. Картада Республика Сарайы пайда болған. Шыны керек, ол кезде басқаша – Ленин атындағы мәдениет Сарайы деп аталатын. Бүгінгі таңда аталмыш ғимарат Қала құрылысы мен сәулетінің Ескерткіші ретінде саналады.

1940 жылдары Калинин және Сталин көшелерінің бұрышында (Бөгенбай батыр – Абылай хан) жас көрерменнің әдеттегі театры орналасқан болатын. Бүгінгі таңда мұнда «Астаналық» шарықтау атауы бар өте жайлы тұрғын үй кешені орналасқан.

Калинин және тағы бірі – Коммунисттік көшесі (бүгінгі таңда – Абылай хан – Қабанбай батыр) жер асты өткелімен жалғастырылған. Дегенмен, бастан қанша заман өтсе де, оның қызметі өзгермеген, тек кейінірек біршама әдеттен тыс құрамға толықтырылған – енді мұнда балалар ойыншығын саудалау базары орналасқан.

Астана алаңындағы шағын саябаққа жол тартайық. 1950 жылдардан бастап әр алуан гүлдері бар аллея көзді қуантып, мың құбылады. Тек өсімдіктері басқа, және бақтың орта тұсында ескерткіш пайда болған. Қазір алдарыңызда Қабанбай батыр – Сейфуллин көшелері.

1985 жылы құрылыстанған Пионерлер сарайының орнына отыз жылдан кейін «Rixos» мейманханасы көз қуантады.

КСРО үшін тән келетін конструктивизм стилінде Наурызбай батыр (бұрынғы Дзержинский) көшесінде театр салынған. Оның бастан өткізген ғұмыры өте ұзақ – ол НКВД театрынан орыс, кейін корей және, соңында ұйғыр театрына айналды.

Өткен ғасырдың орта тұсында Алматыда үнемі классикалық әуен ауада қалқып тұратын. Құрманғазы атындағы консерваторияның қала сәулетінде өзіндік орын алғандығы да таңғаларлық жағдай емес.

Конструктивизмнің сол бұрынғы стилі, сондай-ақ маңызды мемлекеттік нысан. Біздің алдымызда – бас пошта ғимараты, яғни Казань поштасы. Ағайынды Голосовтар мен М.Гинзбург сонау 1950 жылдары Байланыс үйін – үкіметтік құрылыстар ансамблінің құрамдас бөлігін құрған. Сол уақыттан бері бастан талай өмір өтті, Үйдің жоспары бұрынғы күйінде қалса да, қасбетінің түсі басқашаға боялған. Сонау жарты ғасыр уақыттағыдай мұнарадағы сағат дәл уақытты көрсетіп, ал жастар кездесу үшін уақыттарын осы сағатпен теңестіруде.

28 Гвардейлік-Панфиловшілер бағы, Вознесенский соборы алдындағы алаң. Кеңестік 40-50 жылдары «Алматы» кинотеатрында жаңа туындыны тамашалау үшін көпшілік жиналатын. Бүгінгі таңда бұл қатардағы қалалық алаң, мұнда балалар қолындағы тәттілерімен құстарды тамақтандырып, көңіл көтереді.